Bugin

Оқушыны зорлаған күдіктіні ұстаған сәттен видео тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Ауыр қылмыс жасап, екі күн бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстаған сәттен видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Күдікті ұсталған сәттегі видео sarkand_insta парақшасына жүктелген. Екі күннен бері аса ауыр қылмыс жасады деп іздеуде жүрген күдіктіні бүгін құқық қорғау органдары мен шекара қызметшілері бірлесе отырып ұстаған. Күдікті Сарқан ауданындағы тауларда Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған. Бүгінде 38 жастағы күдікті аудандық полицияға жеткізілді. 

Ұсталған адам 7 қарашада 14 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Қашып кеткен күдіктіні полицейлер екі күн бойы іздеген. 

Тергеу Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-1 бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. 

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасаған ер адамға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған едік.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.