Bugin
Фото: pexels.com
Ақтауда спортшы Валерия Шальнованы өлтіру және зорлау ісі бойынша полицейлерді тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзіндік қауіпсіздік департаменті екі полицейдің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісін тексергеннен кейін тәртіптік комиссияның шешімімен олар қызметінен босатылды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді (ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы).
"Тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық прокуратурасы.
Құзырлы орган өкілдері қызметкерлерді қызметінен босату оларды жұмыстан шығаруды білдірмейтінін атап өтті. Соңғы шешім Антикор толық тексеру жүргізгеннен кейін қабылданады.