Bugin
Фото: pexels.com
Қатты бораннан үш адам қаза тапқаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытайда әдеттен тыс қолайсыз ауа райына байланысты мектептер жабылып, көлік қозғалысы шектеліп, әуе рейстері тоқтатылды. Қар көшкіні кезіндегі оқыс жағдай салдарынан үш адам қаза тапты.
CNN арнасының мәліметінше, Қытайдың солтүстік провинцияларындағы ерте жауған қар мен боран мемлекеттік мекемелердің жұмысын тоқтатты. Әдетте, Қытайдың солтүстік-шығысында алғашқы қар қарашаның аяғында – желтоқсанның басында жауатын. Бірақ биыл қар қарашаның бірінші жартысында басталып, бірнеше күн қатарынан жауып тұрды.
Қытайдың қиыр солтүстігіндегі Хэйлунцзян провинциясында қарлы боран салдарынан 51 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылды. Провинцияның басты қаласы Харбин әуежайында 400-ден астам рейс тоқтатылып, бірнеше шағын әуе терминалдары толығымен жабылды. Харбиндегі мектептер мен балабақшалар да уақытша үзіліс алды. Қала билігі дабылдың "қызыл" деңгейін жариялады.