Bugin

"Алматы-Өскемен" тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

 "Алматы-Өскемен" тасжолының Шығыс Қазақстан облысындағы аумағында жол апатынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні "Алматы-Өскемен" тасжолының 1075-шақырымында болған. "Зил" және "ВАЗ-2114" көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.