Спорт
Елдос финалда өзбек балуаны Кемран Нуриллаевты ұтты
Елдос Сметов Анталияда өтіп жатқан әлемдік «Grand Prix» турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Отандасымыз алғашқы айналымда әзірбайжандық Оруж Вализадамен белдесіп, жеңіске жетсе, екінші айналымда болгариялық Валентин Алипиевтің мысын басты. Ал ширек финалда бразилиялық Фелипе Китадайды иппонмен жеңді. Жартылай финалда ұлыбританиялық Эшли Маккэнзиден айласын асырды. Елдос финалда өзбек балуаны Кемран Нуриллаевтың жауырынын жер иіскетті.
Айта кетейік, бұл дүбірлі додаға әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы қатысып жатыр.