Bugin

Экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қуандық Бишімбаев екінші әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кісі өлтіру фактісі 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған. Бишімбаев жұбайымен жанжалдасып, оны сабап тастаған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, елордадағы Bau мейрамханасында мас күйдегі экс-шенеунік әйелін өлімші етіп сабаған.

Оған қоса, “Козачков” Telegram арнасында Бишімбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пен фото жарияланған.

"Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғанын, оның салдарынан әйел адам алған жарақаттары нәтижесінде көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында Есіл ауданы полиция департаменті және полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр”, – делінген полицияның хабарламасында.