Bugin

Көліктің моторын құртатын 3 нәрсе белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com/ru

Мотордың тозуына және соның салдарынан оның мерзімінен бұрын істен шығуына әкелетін жүргізушілердің үш әдеті белгілі болды. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі За рулем журналының сарапшысы Михаил Колодочкинға сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, көлік жүргізу стиліне ерекше назар аудару керек. Жанармайды үнемдеу үшін төмен жылдамдықпен жүру -  қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін қысқартуға әкеледі.

Қаланың ішінде көлік жүргізсеңіз, үлкен трассаға шығып көлігіңізді үш айда бір сынап көріңіз. Яғни сағатына 100 км жылдамдықпен көлікті бір жүргізген дұрыс. Колодочкиннің айтуынша, жүргізушілердің тағы бір «зиянды», бірақ жиі кездесетін қателігі, моторын қыздырмай көлігін оталдыра сап жылдам айдап кету.

Ал үшінші қате турбо қозғалтқышы бар көлікті басқаратындарға қатысты. Ол мұндай қозғалтқышы бар көлік тоқтағаннан кейін кем дегенде бір-екі минут өшірмей күте тұру керектігін айтады.