Bugin
Фото: Юлия Сарачакова
Алматы полицейлері көшедегі әжетханадан құтқарған баланы ерлі-зайыпты асырауға алды. Бұл туралы bugin.kz порталы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа отбасы баланы базадан көріп, бірден асырап алуға шешім қабылдаған.
"Әйел балалар үйіне келгенде баланы көріп, көзіне жас алған. Оны бірден алып кеткісі келген. Баланың жаңа отбасысы толық, олардың отау құрғандарына көп болғанымен, балалары жоқ. Олар басқа қаладан келіп, арыз жазған. Баланы 2023 жылдың мамыр айында асырап алды. Енді сәбиде толық және бақытты отбасы болады. Олар фотосуреттерін жіберіп, қуанышын бөліседі", - деп қосты қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, Түрксіб ауданында бала 2022 жылдың тамыз айында көшедегі дәретханадан табылған. Жаңа туған нәресте шұңқырда бірнеше сағат қалып қойған. Оның биологиялық анасы 17 жастағы 11-сынып оқушысы еді.