Bugin

Қарағанды ​​облысында әкесі зорлаған 15 жастағы қыз жүкті болып қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: myslo.ru

Қарағанды облысында 42 жастағы ер адам осы жылдың ақпан айында қызын бірнеше рет зорлаған. Нәтижесінде қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайт мәліметінше, сот отырысы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық есік жағдайында өткен. Сотта ер адам кінәсін мойындады, бірақ қыздың өз қызы емес екенін және оның өзі жақындыққа келіскенін айтқан.

"Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті жәбірленушінің биологиялық әкесі емес екені тиісті молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болды. Қылмыс жасаған кезде күдікті оны өз қызым деп санаған, ал қыз оны туған әкесіндей қабылдаған. Сондықтан сотта ата-анасы тарапынан жасалған зорлық ретінде қаралды",- деп түсіндірді Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.

Іс кәмелетке толмаған баланың жеке өміріне қатысты болғандықтан, сот басқа мәліметтерді айтудан бас тартты.

Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін сотталды. Үкімге апелляциялық шағым түсіргенімен, облыстық сот оны күшінде қалдырды.