Bugin
Фото:Инстаграм maulen_ashimbayev
Оның айлығы 1 млн теңгеден асады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы .
"Алатын айлығым депутаттардың жалақысы шамасында", - деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
БАҚ өкілдері "1 млн теңге ме?" деп нақтылап сұрады.
"Одан сәл көбірек. Бүгінгі таңда бюджет, салық саясаты, бизнесті дамыту, елімізді, өңірлерді дамыту, қысқа дайындық, ЖЭО-лар, коммуникация және инженерлік инфрақұрылымға қатысты сұрақтар жеткілікті. Біз бұл мәселелермен айналысып отырмыз", - деп толықтырды Сенат спикері.