Bugin

1 миллиард теңге ұрлады деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: АФМ

"Қазспецэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның келісімімен "Қазспецэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары мен олардың бақылауындағы заңды тұлғалардың басшылары ұсталғанын хабарлады.

"Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырмаларын орындау шеңберінде бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық тауарларды сатып алу кезінде бір миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.