Bugin

Қуандық Бишімбаевтың әйелімен қоштасу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Ұлттық экономика экс министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Саланат Нүкеновамен қоштасу 11 қарашада өтеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді. 

"Жаназа намазы: 11 қараша күні Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте" - деп хабарлады марқұмның бауыры.

Сонымен қатар Ленинск (Атамекен) кентіне жерленеді деген мәлімет бар.

9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Айта кетейік, оның қанша жылға сотталуы мүмкін екені белгілі болды.