Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оқиға "Самал-3" шағын ауданындағы Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болды. "Zhweki" скутері мен "Kia Optima" көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі көз жұмды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптамалар да тағайындалды.
"Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады" - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61