Bugin
Фото: pexels.com
Солтүстік Қазақстан облысы биыл қаңтар-қыркүйек айында 4192 нәресе дүниеге келді. Қазіргі уақытта өңірдегі халық саны 531,3 мың адамды құрап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өңір тұрғындарының 48,8%, яғни 259,4 мың адам қалада тұрады. Ал 271,9 мың адам немесе 51,2% - ауыл тұрғыны.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте дүниеге келген 4192 нәрестенің 2129 – ұлдар және 2063 – қыздар. Жаңа туған балалардың 41,6% облыс орталығында туған.
"Облыс аудандары арасында бала туу көрсеткішінен Уәлиханов ауданы бірінші келеді. Бұл ауданда туу коэффициенті 16,49 промилле, Ақжар – 14,55, Шал ақын – 11,57, Айыртау ауданында – 11,20 промилле. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Аққайың ауданында – 8,92 промилле, М. Жұмабаев ауданында – 8,99, Есіл ауданында – 9,30", - делінген хабарламада.
Сәйкес мерзімде облыс аумағында 4360 адам қайтыс болды. Өңір тұрғындарының негізгі өлім себептеріне тоқталар болсақ: қан айналымы жүйесінің ауруларынан - 16,1%, тыныс алу органдарының ауруларынан - 13,9, ас қорыту органдарының ауруларынан - 8,6, онкологиядан - 8,3, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанудан - 7,2% қайтыс болған.
Жыл басынан қазанға дейін 2388 неке тіркелді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерінсіз 484 ажырасу тіркелді.