Bugin

“Ұрып-соғып, қоймаға қамап қойды”: "Алтын Орда" базарында тағы дау шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атышулы Алтын Орда базарында тағы дау шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

100-ден аса кәсіпкер заңсыз ақша жинап, саудагерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, жұдырық астына алған базар бақылаушысына шағымданды. Айтуларынша ол әрбір кіріп-шыққан жеңіл не жүк көлігінен 30 мың теңге жинап, қалтасын қампитып жатқан көрінеді.

Қалың жұдырықты бақылаушы өз тәртібін қайта орнатып, саудагерлерді үркітіп ақша жинаған көрінеді. Көнбегендерді ұрып, қоймаларға қамап қоятын - дейді кәсіпкерлер.

"30 мыңнан болды, өзіміз де бердік. Мына осында тұрған халықтың бәрі беріп жүрді. Әр кіргеніне 30 мың, чисто налогтан бөлек, күнделікті төлейтіннен бөлек кірген машинаға 30 мыңнан. Осы мына қара халық барлығын істеп жатқан. 01:37 Базардың берекесін қашырып жіберді. Әр кірген газель болсын легковой болсын 500 тг отдельно жинайды. Такистерден отдельно жинайды", дейді кәсіпкер.

Ал базар әкімшілігі бұл сұмдықтың бәрінен бейхабармыз деді. Тек саударгерлер келіп, шағымданғанда ғана ішкі тексерісті бастаған. Ербосын есімді азамат сынақ мерзімінде жұмыс істеді дейді.

Қазір бұған қатысты Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Базар бақылаушысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.