Bugin

Марқұм кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында Костенко атындағы шахтададағы апаттан қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында қаза тапқан кеншілердің 46 отбасы БЖЗҚ арқылы жерлеу рәсімі үшін біржолғы төлем құжаттарын рәсімдегенін жеткізді.

"42-сіне төленді, қалғандары бойынша төлем рәсімдері жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын және өзге кәмелетке толмаған балалары бар 20 отбасыға асыраушысынан айрылған жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тағы да өзге қолдау көрсетіледі", - деді ол.

Оның айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы тарапынан 41 отбасыға 10 жылдық көлемінде жалақы төленген. Қаза тапқан кеншілердің жұбайларының, ата-аналарының, балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, компания әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр есепті ескере отырып, пәтер сатып алуға міндеттелді. Сақтандыру төлемдері, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарындағы балаларға оқу ақысы қараша айынан бастап төлене бастайды.