Bugin

Ақтөбе облысында жүк көлігі тоналды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтөбе облысында жүк көлігі тоналды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында 10 қараша түнде белгісіз адамдар есіктің құлпын бұзу арқылы VOLVO жүк көлігінің тіркемесіне кіріп, әрқайсысы 16 келі болатын 23 қораптағы құс етін жасырын ұрлап кеткен.

Автокөлік Байғанин ауданы Ноғайты аулынан 1 км қашықтықта Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын білген.

Полиция қызметкерлері осы ұрлықты ашу бойынша іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында полицейлер ұрланған құс етінің қораптарын тәркіледі.