Bugin

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Кеше Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, қаза тапқан адам - экс-министрдің әйелі. Астана полиция қызметкерлері ер адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді, бірақ оның аты-жөні аталмады.

Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бұрынғы әйелі Назыммен хабарласты. Ол бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кешегі оқиғаға байланысты оған көп адам қоңырау шалған. 

«Иә, бұл - сұмдық жағдай. Маған біреулер хабарласып жатқанда не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок», - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл бойы ресми некеде болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы экс-министр түрмеден шыққанына бір жыл өткеннен кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

«Біз 2020 жылғы 5 қазаннан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмаймыз. Біз сирек араласатынбыз, онда да тек балалар мәселесі бойынша. Балаларға көмектесіп араласатын, бірақ кейінгі кезде сиреп кетті. Бұл - қайғылы жағдай, Салтанаттың отбасына көңіл айтамын», - деді Қуандықтың бұрынғы әйелі Назым.