Bugin
Фото: pexels.com
Абай облысында жасөспірімді көлік қағып кетті, қыз тұрақты ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды. Онда әйел оқиға қалай болғанын айтып береді.
"Жүргізуші - 18 жастағы жігіт, әкесінің көлігін ұрлап кеткен. Сағат 7-де күн қараңғы болады. Ол жерде 4 бала болған, бірақ менің балам шетте келе жатқан. Ол оны жылдамдықпен келе жатып қаққан. Соққыдан ол көліктің үстінен ұшып кеткен. Қазір бірінші ота жасады, жағдайы ауыр. Әкесі кілтті бермегенін айтады, онда бұл бала рұқсатсыз рөлге отырған. Ол қазір үйінде. Мен Борасқа бардым, ол жігітті қамауға алу үшін арыз жаздым. Маған департамент мұны көргені керек", - делінген видеода.