Bugin

"Істі бұрмалап жатыр": Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, желіде тараған жалған ақпараттар мен түсініктемелер тергеудің  белгісіз жағдайда, тыныш өтуіне әсер етуде. 

"Олар жағдайды тыныштандырып, жұмсартуға тырыса ма деген қорқыныш бар. Қандай себептермен екені белгісіз іс ашылғаннан бері үш тергеуші ауысты. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңаларының нөмірін де бермей, тіпті қоңырауларға да жауап бермейді. Қуандықтың ағасы оқиға орнында Салтанаттың еш қозғалыссыз жатқанын көргені туралы ақпарат тарапты. Осы кезде тек бір ғана сауал туындайды. Неге олар бірден жедел-жәрдем шақырмаған?”, – делінген желі жазбасында. 

 Жақындары мұның аса қатыгездікпен жасалған қылмыс екеніне сенімді. 

“Оның сау-тамтығы қалмаған. Бізде мәйіттің суреттері де бар. Егер көрсеңіз өте қатыгездікпен жасалған қылмыс екеніне күмәнданбас та едіңіз. Әпкеме жасалған зорлық-зомбылықты ақтауға тырыспауды және әділ тергеуді сұраймын”, – делінген жазбада. 

Осы ретте марқұмның әпкесі де желіге жазба жариялап, жалған ақпарат таратқандарға ескертпе жазды.