Bugin

19 жастағы жігіт желіге жазған пікірі үшін екі жарым жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

19 жастағы жігіт желіге жазған пікірі үшін екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімді Самарқанд облысының Қаттақорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарған. Анықталғандай желі қолданушысы президенттің отбасы туралы жазбаның астына жеке басын қорлайтын жазба қалдырған.

Сот сараптамасы басылымда президентті "қорлап, беделін түсіруге" қатысқан әрекеттерді анықтады. 

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтты. Арада біраз уақыт өткен соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Жігіт Шавкат Мирзиеев жүргізіп отырған саясатқа қарсы емес екенін, тек жастығы мен түсінбегеніне байланысты президентті қорлайтын сөздер жазғанын айтты", - делінген сот шешімінде.

Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.