Bugin

Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жылқылар Шарбақты ауданы Жаңа ауыл маңындағы жайылымдарда қараусыз жайылған.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Жаңа ауыл маңындағы жайылымдардан қараусыз қалған 40 бас жылқының ұрланғанын мәлімдеген.