Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото ©️ Tengrinews.kz
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасы орын алған елордалық «Гастро орталығының» директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы ("Қылмысты жасыру") бойынша қылмыстық іс бөлек тіркеліп, оның аясында "Гастроцентр" директоры күдікті ретінде қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") және 119-бабының 3-бөлігі ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Астана қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.
Астана полиция департаменті Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл қылмысты жасаған күдіктіні Астана қаласының тергеу соты қамауға алды.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын және нақты тұлғалардың кінәсін анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61