Bugin
Фото: dinaraalzhanofficial
Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Осыған орай Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде марқұмның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын", - деп жазды Динара Әлжан инстаграм парақшасында.
Бұған дейін Болат Назарбаевтың көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетейік, Тоқаев та Назарбаевқа көңіл айтты.