Bugin

Шымкентте антикор басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Wikipedia

Шымкент қаласында ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы қала прокуроры, Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform. сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды.

"М.Қожабаев 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында алаяқтық жасады, яғни алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, алдын ала адамдар тобымен сөз байласып, лауазымды адам бол тұра өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау", - делінген айыптау актісінде.

2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған.

Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалған.