Bugin

Мәйітті жуғандар шошып шықты: Салтанат Нүкенованың ағасы іс бұрмаланып жатқанын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:

Бұл туралы ол журналист Болат Аманбаевқа берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

 Павлодардың бұрынғы әкімі Қайрат Нүкенов қарындасының өліміне қатысты жаңа дерек айтты. Оның айтуынша, мәйітті жуған әйелдер қатты шошып қалған.

"Олар көп мәйіт жуған. Олар мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған. Бұл інісі де өлім туралы хабарламағаны үшін емес, адам өлтіруге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Бейнежазбаларды өшірген адам да Бишімбаевтың бандасындағы біреу. Оның бәрін соттау керек", - деді ол.

Қайрат Нүкеновтің айтуынша, жантүршігерлік қылмысқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр.

"Салтанатты қаралау арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастырып, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті. Қылмыскердің айуандығын дәлелдеу үшін мәйіттің фото, видеосын жариялау - соңғы амал", - деді ол Болат Аманбаевқа берген сұхбатында.