Bugin

Атырауда 24 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атырау қаласындағы орталық көпірден 24 жастағы йел Жайық өзеніне секіріп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы бүгін, 13 қарашада болған оқиғаны растады.

"Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де Атырау қаласындағы орталық көпірінен белгісіз әйелдің секіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Жергілікті уақытпен сағат 15:07-де құтқарушылар Берікқали Айдаров, Ернар Әнуарбеков Айдын Бағыт әйелді құтқарып, Жайық өзенінің жағасына шығарды, Құтқарылған 1999 жылғы әйелді жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір әйелдің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауына алынды.
Құтқару жұмысына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 3 құтқарушы, 1 жүзу құралдары тартылды.