Bugin

18 жастағы қостанайлық жігіт жолдасын пышақтап өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Екі жігіттің арасында жанжал шығып, салдарынан біреуі қайтыс болды. Оқиға таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаны Қостанай облыстық полиция департаменті растады.

"8 қараша күні сағат 05:30 шамасында Досжанов көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған жанжал кезінде 18 жастағы жігіт 22 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен. Алған жарақатына байланысты ер адам оқиға орнында көз жұмды", — деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша полиция ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.