Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тас жолында болғанын хабарлады.
"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының полиция бөліміне "Алматы-Бішкек" тас жолында "Вольво" жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жібергені анықталды", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1963 жылы туған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61