Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Алматы облысы Жамбыл ауданында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар арасында танымал блогер болуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бір күн бұрын Ұзынағаш-Күрті тас жолында Мерседестің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан Мерседестің екі жолаушысы, 2002 және 2003 жылы туған жастар оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды. Әзірше олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61