Bugin
Фото: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Атырауда орталық көпірден секіріп кеткен қыз құтқарылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Атырау облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 13 қарашада болған. Қоңырау сағат 15:00 шамасында түскен.
"Хабар түскен бойда жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шақырту орнына дереу жетті. Сағат 15:07-де 1999 жылы туған қыз аман-есен шығарылып, ТЖ қызметкерлеріне тапсырылды", -деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ведомство мәліметінше, қыздың жағдайы тұрақты.