Bugin

Алматы облысындағы ауруханадан 2 миллиард теңге ұрланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Алматы облысындағы аурухананы басқаруды қолға алған компанияның директоры мен есепшісі қомақты қаржы ұрлауда күдікке ішінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, аса ірі көлемдегі ұрлық бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланған", - делінген хабарламада.

Күдіктілер қамауға алынды. Агенттік басқа мәліметтерді жария етпейді.