Bugin

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған жүргізуші белбеуіне асылып қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com.

2023 жылдың 13 қарашасында сағат 03:30 шамасында Құлжа тас жолында мамандандырылған батальон қызметкерлері Chevrolet көлігінің жүргізушісін ұстаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ratel.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды .

Сайт мәліметінше, медициналық тексеріс "алкогольдік мастықтың жеңіл дәрежесін" көрсетті. Жүргізуші сынау үшін мамандандырылған батальонның талдау бөлмесіне жергілікті полиция бөлімшесіне апарады.

Сағат 12:55 шамасында ұсталған азамат дәретханаға баруды сұрап, 5 минут бойы шықпай қойған.

Сағат 13:00-де қызметкерлер есікті бұзып кіреді. Дәретханадан өз белбеуіне асылып өлген азаматтың мәйіті табылады.