Bugin
Фото: Владимир Третьяков
Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 12 қарашада болған.
"6637 әскери бөлімінің келісімшарты бойынша сарбазы әріптесіне абайсызда оқ атып, жарақаттаған. Жігіт шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ мамандар әскери қызметкерді аман алып қала алмады", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қызметтік тергеу тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.
"Ұлттық ұланның жоғарғы қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына қайғыра көңіл айтады", – деді ұлттық ұлан өкілдері.