Bugin

Қателіксіз адам болмайды: Назарбаев бауыры туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: nur.kz

14 қарашада Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Рәсімде Қазақстанның тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев ел алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша інісі өте қарапайым, қамқор адам болған. Ол көптеген мешіт салып, жақсы іс істеген.

"Осы ауылда туып өстік. Біз оны жақсы көрдік, ол бізді жақсы көрді. Үйіміздің ең кенжесі еді. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жүз жылға татитын жұмыс жасалды, соның бәрін көрді, еңбек етті. Мектепке, ауылға көмектесті. Мешіт те салдырды. Көп еңбек етті. Ұл-қыз өсірді. Арманы жоқ деп айтуға болады. Бірақ армансыз адам бола ма? Әлі де өмірі алда еді. Екі жарым жыл қатты ауырды, жүре алмады, сөйлей алмады, өздігінен тамақ іше алмады. Қатты қиналды. Қателіксіз адам болмайды. Біздің әулетімізге көңіл айтқандарыңызға көптен көп рахмет. Кешеден бері көп адаммен сөйлесіп жатырмын, жасаған жақсылығы көп. Жақсы сөз айтыңыздар. Еңбек етіңіздер, отбасыларыңыз аман болсын!", - деді көпшілік алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

"1 доллар – 4, 75 теңге": Төл теңге 30 жылда қалай өзгерді?

"Тышқаншық салу, белкөтерер": Асқа байланысты ерекше салт-дәстүрлер

Күзде көруге арналған топ 5 фильм