Bugin

Түркістан облысында зауыттағы жарылыстан жұмысшы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Түлкібас ауданындағы цемент зауытында жарылыс болып, 52 жастағы жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Састөбе елді мекенінде орналасқан цемент зауытында болған.

Аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жарылыстан зардап шеккен екі науқастың денесін 100 пайыз күйік шалған. Ал үшінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген. 

"1971 жылғы науқас қайтыс болды. Қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Жағдайлары өте ауыр", - дейді ақ халаттылар.

Облыстық полиция департаменті ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.