Bugin

Қыз зорлаған бар күзетшісі Алматыда тағы бір қылмыспен ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қыз зорлаған бар күзетшісі Алматыда тағы бір қылмыспен ұсталды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Осыдан екі апта бұрын біз прокурорларға ол адамның қоғам үшін қауіпті екенін айтқан болатынбыз. Бірақ олар күдіктінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз екенін атйпы, бізді тыңдамай қойды. “Өлтіремін” деп қорқытып, кіре берісте зорлағаны, қыздың денесіндегі жарақаттар, күдіктінің өзінен табылған пышақ, зорлап жатқанда түсірілген бейнежазба оларға жеткіліксіз болды. Өзінің жазаланбайтынын біліп бар күзетшісі тағы бір ауыр қылмыс жасады”, – дейді Жанна Мұхамади.

Заң өкілінің айтуынша, ол ұрлық жасамақ болған.

Айта кетейік, В-52 барының күзетшісіне алматылық бойжеткенді зорлады деген күдікпен айыпталған болатын. Алайда прокуратура екі рет оны күдікті деп танудан бас тартып, қорғау құқығына ие куәгер ретінде босандыққа жіберді. 

“Бұл оған еркіндік берген Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің кінәсі деп есептеймін. Құрметті прокурорлар, сіздер оны еркіндікке жіберіп, қателікке бой алдырдыңыздар. Бостандықта жүріп ол тағы да қылмыс жасады. Осыдан кейін де маған сенбейсіздер ме? Қылмысы үшін жазаланбаған адам жүгенсіз кетеді. Мен аудандық прокуратураға сенбеймін, себебі менің ісімді жауып тастайды ма деп қорқамын. Сондай-ақ істі жоғарыдағы прокурорлардың бақылауына берілуін сұраймын. Сіздерден өтініп сұраймын, менің сөзіме құлақ асыңыздаршы! Бұл адамнан мені ғана емес, бүкіл қоғамды қорғауларыңызды өтінемін”, – дейді жәбірленуші қыз.