Bugin

Полиция өзін әйел санайтын ер адамды ұстады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Жапонияда өзін "іштей" әйелмін деп санайтын ер адам әйелдердің шомылу аймағына басып кірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

43 жастағы ер адам Жапония орталығындағы ыстық су курортының әйелдерге арналған аймағынан табылды.

Мекеме менеджері полицияға хабарлаған. Артынша күдікті әйелдер аймағына әдейі кіргенін мойындаған.

"Мен іштей әйелмін, сондықтан неге маған әйелдер аймағына өтуге рұқсат етілмейтінін түсінбеймін", - деді ол.