Bugin

Ұзын сақал өсіргендер мен паранжа кигендерге айыппұл салынуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қырғызстанда бетті жауып тұратын киім киюге және көлемді сақал қоюға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайт мәліметінше, құқық бұзушылық кодексіне енгізілген тиісті түзетулерді депутаттар қоғамдық талқылауға шығарған.

Негіздемеде атап өтілгендей, заң жобасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі мен жеке басын сәйкестендіру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған. Ол мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруді шектейтін паранжа (бет жапқыш) және көлемді сақал тағудың алдын алу және жолын кесу үшін әзірленген. Тыйымдардың шетел азаматтарына қатысы жоқ.

Анықтамада заң жобасында азаматтарды діни сеніміне қарай кемсітпейтіні баса айтылған.

"Ол азаматтардың қоғамдық орындардан тыс жерде діні мен наным-сенімдерін еркін білдіру құқығын шектемейді", - делінген құжатта.

Қырғызстан никаб пен паранжа киюге тыйым салуды ұсынып отыр.