Bugin

Үкімет отырысында қай өнімдердің бағасы қымбаттағаны айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов Қазақстанда қай өнімнің бағасы қымбаттағанын айтты.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4 пайызға дейін баяулады. Айлық азық-түлік инфляциясы өткен айда 0,3 пайыздан 0,5 пайызға дейін өскені атап өтілді.

"Қазан айында азық-түлік тауарларынан жұмыртқа, нан өнімдері мен жарма бағасы көтерілді. Қант пен тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет қымбаттады. Ірімшік, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майы арзандады", - деді Вагапов үкімет отырысында.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, ай сайынғы көрсеткіште өсім 0,8 пайызды құраған.

"Қазан айында аудиовизуалды техника, қатты отын, дәрі-дәрмек пен медициналық техника, киім-кешек, аяқ киім тауарларының бағасы өсті. Сонымен қатар тұрмыстық техника, жуғыш және тазалау құралдарының бағасы төмендеді",- деп қосты спикер.