Bugin
Ффото: zhetysu.gov.kz
27 жастағы қызды зорлады деген айыппен Талдықорған полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаев түрмеге қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қала полицейі 27 жастағы қызды қызметтік кабинетінде зорлаған. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген полковниктің заңсыз әрекеті туралы оқиға қоғамның наразылығын тудырды.
"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды",- деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.