Bugin

Жатақханада ересектер студенттерден 386 миллион теңгедей ақша бопсалаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматыда университет жатақханасында студенттерден 386 миллион теңгедей ақша бопсалаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желідегі ақпаратқа сай, Үкібай Бибол, Ермекбай Асқар және Княсов Азизбек есімді студенттер ҚазҰПУ-дың жатақханасында тұратындарға әлімжеттік жасайды. Kaspi банкінен алған деректер бойынша, 386 миллион теңгеге жуық шығын келген. Қаскөйлер жастардың банк карталарын тартып алған көрінеді.

Аталған үш адамды Алматының Медеу ауданындағы кейбір полицейлер қорғайды дейді шағымданғандар. 

Фотода студенттердің бірінің арқасы қызарып, соққыдан зардап шеккені байқалады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз хатшысы Stan.kz-ке түсініктеме берді. Айтуынша, ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Аталған Үкібай Бибол, Ермекбай Асқар және Княсов Азизбек есімді тұлғалар Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері емес. Университетке қарасты жатақханаларда қысым көрсетулер бар деп көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу орнының жатақханаларында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кездесулер жиі өткізіледі. Жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігі мен тәртібін қадағалайтын арнайы жауапты қызметкерлер бар. Сонымен қатар бейнебақылау жұмыс істейді. Осы мәселеге байланысты студенттердің ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылып, барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне қаржылық сауаттылық бойынша кездесулер мен дәрістер өткізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді оқу орнының баспасөз қызметі.