Bugin
Фото: pexels.com
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Алматы әскери гарнизонының прокуроры Айдос Ақберген күдікті әскери қызметші Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Арман Жұман Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану") бабы бойынша айыпталған.
Күдіктінің қорғаушысы әскери қызметшіні толық ақтауды сұраған болатын.
Бүгін Алматы гарнизоны әскери соты оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты сотта айыпталушы Арман Жұманды ақтады.
Былтыр Қаңтардағы жаппай наразылық пен дүрбелең кезінде Айдос Меделханның балалары отырған көлікке әскери қызметкерлер оқ жаудырған. 16 жастағы қызы жараланып, 4 жастағы Айкөркем оққа ұшқан, 8 жастағы ұлы шошынған.