Bugin

Қытайдан тауар әкелем деп алдаған күдікті тергелуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Астанада  20 жастағы қыз кәсіпкерлерден жүздеген миллион теңгені алдап алған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен астаналықтарға арзан бағада Қытайдан келетін тауарларды уәде еткен. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде түрлі тауардың жарнамасы бар көптеген топ құрып, кәсіпкерлерге көтерме бағамен ұсынып отырған.

Смартфоннан бастап, ыдыс-аяққа дейін жеткізетініне бәрін сендірген. Алайда тауар сатып алу үшін ақшаны алғаннан кейін бойжеткен жоғалып кетіп, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.

"Сарыарқа ауданының полиция бөліміне елорда тұрғыны хабарласып, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенімен, тауарын қолына алмағанын айтып арызданған. Күдікті төлемді алдын ала картасына аудартып отырған. Ештеңеден күдіктенбеген әйел алаяққа бірден 31 миллион теңге аударып берген", - делінген хабарламада. 

Бір айдан кейін тауарды алмаған жәбірленуші полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта алаяқтыққа құрбан болған үш кәсіпкер полицияға арыз түсірді.

Болжам бойынша, 50-ге жуық азамат дәл осындай схеманы қолданып, алданған. Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, өзгелерден алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Алаяқтық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.