Кім Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болды, деп  хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық статистика басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалған: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны.

"Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келгені белгілі болған еді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61