Bugin
Фото: Турар Казангапов. Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға Ұлттық қордан ақша аудару туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға ақшалай қаражатты есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Парламент қазақстандық балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы заң қабылдаған болатын.