Bugin

Ер адам аялдамада баланы ұрып тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейнеден скриншот

Алматыда балаға қатыгездікжасаған ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрда ер адамның баланың қолын қайырып жатқанын көруге болады. Бұл кезде бала ауырсынып айғайлайды. Бірақ жақын жерде тұрғандардың ешқайсысы оған көмекке келмейді.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімі аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, заңға сәйкес шаралар қабылдауда», - делінген полиция хабарламасында.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.