Bugin

Астаналық тұрғын автобус әйнегін сындырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Полиция.кз


Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болды. Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты. 

"Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды", делінген хабарламада.