Bugin
Фото: Ақорда
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев басқарған "Самұрық-Қазына" қорының басқару жөніндегі кеңесін таратты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Samruk Kazyna телеграм арнасына сілтеме жасап.
Президент қорды басқару кеңесін тарату бөлігінде Қор туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталды", - делінген "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан Республикасының Президенті Қор туралы заңға Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны көрсетілген.