Bugin

Полиция оқушы қызды зорлап, оны видеоға түсіріп алған – дереккөз  

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Елді дүрліктірген оқиға туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі айтты. Оның анонимді дереккөзінің айтуынша, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Күдіктілердің бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимараттың күзетшісі. Қазір екеуі де қамауға алынып, жұмыстан шығарылған. Бұл туралы бүкіл полиция бөлімі біледі, бірақ билік үндемеуді бұйырған", - дейді қоғам белсендісі.

Таңсарі Бас прокуратурадан істі жеке бақылауға алуды сұрайды.

"Біз бұл жағдайды білгендіктен, үнсіз қала алмаймыз. Әйтпесе, қылмысты жасырғаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырыламыз", - деп қосты ол.